Accessibility links

Сирияда жергілікті кеңестерге сайлау басталды


Бүгін Сирияда жергілікті жерлердегі кеңестерге сайлау басталды. Ел бойынша жергілікті кеңестердегі 17 мың орынға 43 мың үміткер сайлауға түсіп жатыр.

Оппозиция сайлауға байкот жариялағандықтан және халық көшедегі зорлық-зомбылықтан қорқып отырғандықтан сайлауға қатысатындар аз болады деген болжам бар.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, Сирияда демонстранттар мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысынан тоғыз айдан бері 4 мыңнан астам адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG