Accessibility links

Приднестровьедегі сайлау қорытындысы сәрсенбіде шығатын болды


Приднестровье президенті Игорь Смирнов президент сайлауында дауыс беріп тұр. Триасполь, 10 желтоқсан 2006 жыл.

Приднестровье президенті Игорь Смирнов президент сайлауында дауыс беріп тұр. Триасполь, 10 желтоқсан 2006 жыл.

Өзін-өзі жариялап алған Приднестровье республикасының орталық сайлау комиссиясы бүгін 11 желтоқсанда өткен президенттік сайлаудың қорытындыларын 14 желтоқсанда жариялайтынын хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Петр Денисенко мұны комиссияға сайлаушылар мен кандидаттардан көптеген арыз-шағымдардың түскенімен түсіндірді. Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын бүгін жариялайтынын хабарлаған болатын.

Сайлаудың алғашқы қорытындылары бойынша, қазіргі президент Игорь Смирнов өзге үміткерлерден басым дауыс алған, бірақ жеңіске жетуге қажетті 50 пайыз дауыс жинай алмады. Бұрынғы парламент спикері Евгения Шевчук екінші орында тұрса, Кремль жақтайтын қазіргі спикер Анатолий Каминский үшінші орында тұр.

Приднестровье 1990 жылғы кішігірім қарулы қақтығыстан соң Молдовадан бөлініп шыққан, бірақ аймақтың тәуелсіздігін Ресей де, басқа елдер де мойындаған емес.
XS
SM
MD
LG