Accessibility links

Йеменде "Әл-Қаида" мүшелері түрмеден қашып кетті


Аден қаласындағы сотта сотта тұрған күдікті Сомалилік қарақшылар. Аден, Йемен, 15 шілде 2009 жыл.

Аден қаласындағы сотта сотта тұрған күдікті Сомалилік қарақшылар. Аден, Йемен, 15 шілде 2009 жыл.

Йемен билігі елдің оңтүстігіндегі Аден қаласында орналасқан түрмеден араларында «Әл-Қаида» ұйымының мүшелері бар 16 қылмыскердің қашып кеткенін хабарлады.

Аден қаласындағы қауіпсіздік қызметінің өкілі қылмыскерлердің түрме қабырғасынан жер асты жолы арқылы қашып шыққанын айтады. Исламшылдар бұған дейін Аден қаласы құрамына кіретін провинцияның біраз бөлігін басып алған болатын.

Құрамында «Әл-Қаида» ұйымының мүшелері бар тұтқындар маусым айынан бері түрмеден осымен екінші рет қашып отыр. Маусым айында да Мукалла қаласындағы түрмеден ондаған сотталушы қашып кеткен.

Йеменде өткен айда президент Әли Абдулла Салехтің халық толқуларының нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүр болғанынан кейін исламшылдар Йеменнің оңтүстігінде күш жинап келеді.
XS
SM
MD
LG