Accessibility links

Ресейлік миллиардер Путинге қарсылас болатынын мәлімдеді


Ресей магнаты Михаил Прохоров Мәскеуде баспасөз жиынында. Мәскеу, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Ресей магнаты Михаил Прохоров Мәскеуде баспасөз жиынында. Мәскеу, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Ресейлік миллиардер Михаил Прохоров президенттік сайлауда Владимир Путинге қарсылас болатынын мәлімдеді. Ол мұны өзі үшін «ең маңызды шешім» деп атады.

«Полис Голд» металл өндіретін компаниясынын басқаратын, 18 миллиард АҚШ долларына тең байлығы бар Прохоровты «Форбс» журналы 2010 жылы Ресейдің ең бай бес адамының тізіміне қосқан. Прохоров бұған дейін «Правое дело» партиясын басқарып, қыркүйекте одан өз еркімен бас тартты.

«Правое дело» партиясы парламенттік сайлауда бір пайыздан аз дауыс жинаған.
XS
SM
MD
LG