Accessibility links

Ливиялықтар елдің жаңа үкіметіне наразылық танытты


Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің төрағасы Мұстафа Әбдел Жалил АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесті. Триполи, 18 қазан 2011 жыл.

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің төрағасы Мұстафа Әбдел Жалил АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесті. Триполи, 18 қазан 2011 жыл.

Ливияның Бенгази қаласында кеше он мыңдаған адам Муаммар Каддафидің орнына келген жаңа басшылыққа наразылық білдіріп, көшеге шықты.

Хабарларға қарағанда, қала орталығына жиналған 30 мыңдай адам елдің уақытша билігі - Ұлттық өтпелі кеңестің құрамын өзгертуді және үкіметтен Муаммар Каддафидің билігімен байланысы бар адамдарды босатуды талап еткен.

Муаммар Каддафи Бенгазиде басталған наразылық шараларының нәтижесінде биліктен түсірілген еді. Ұлттық өтпелі кеңестің төрағасы Мұстафа Әбдел Жалил ливиялықтардан жаңа билікке мұрсат беруді сұрады.
XS
SM
MD
LG