Accessibility links

Иран 15 адамды "тыңшылық жасады" деп айыптады


Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі Тегеранның 15 адамға АҚШ пен Израильге тыңшылық жасады деп айып таққанын хабарлады.

Бірақ агенттік олардың қашан және қандай жағдайда ұсталғанын айтпады. Иран билігі бұған дейін АҚШ-қа тыңшылық жасады деген күдіктілердің ұсталғанын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Бірақ егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ.

Бүгінгі ақпарат Иранның өз аумағына кіріп кеткен АҚШ-тың пилотсыз ұшағын атып түсіргеннен соң тарады. Тегеран оны АҚШ-тың тыңшы ұшағы" деп санап, АҚШ-қа қайтармайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG