Accessibility links

Пәкістан медресесінде қамауда отырған 45 бала табылды


Пешавар мешітінің медресесінде оқитын оқушылар. Пәкістан, Пешавар, 4 желтоқсан 2004 жыл.

Пешавар мешітінің медресесінде оқитын оқушылар. Пәкістан, Пешавар, 4 желтоқсан 2004 жыл.

Пәкістан елдің оңтүстігінде Карачи қаласына жақын жерде мұсылман медресесінде қамауда отырған 45 баланың босатылғанын забарлады. Карачи полициясының басшысы Малак Альтаф олардың жас шамалары әртүрлі екендігін айтады.

Бұлардан бөлек діни сабақ жүргізетін бір адам ұсталған, тағы бірнешеуі қашып кеткен. Медресе басшылары балалардың нашақор болып кеткендігін, сол себепті оларды мұсылман етіп тәрбиелемек болғандарын айтады.

Ұсталған медресе оқушыларының кейбіреулері өздерін азаптағанын және медресе басшылығының өздерін жиһад жүргізетін содыр етіп шығармақ болғандарын айтады. Полиция оларға қатысты тергеу бастап кетті.

Пәкістанда кейбір ислам оқу орындарын исламшыл содырлар дайындап шығарады және экстремистік топтарға қолдау көрсетеді деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG