Accessibility links

Тәжікстан мен АҚШ уран контрабандасымен күреспек


Тәжікстанның Табошар аймағындағы жабылып қалған уран кеніші.
Тәжікстанның Табошар аймағындағы жабылып қалған уран кеніші.
Тәжікстанның сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи мен АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Кен Гросс бүгін радиоактивті материалдарды заңсыз саудалаумен күресу келісіміне қол қойды. Келісім Тәжікстанға радиоактивті материалдарды контрабандалық жолмен елден шығаруға қарсы тұруға көмектеседі.

Совет одағы кезінде Тәжікстанның солтүстігінде уран өндіретін кеніштер болған. Тәжікстан ресми түрде жабылған сол кеніштерден жасырын түрде уран алынады деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG