Accessibility links

Польша оппозициясы Еуроодақпен интеграцияға наразы


Кеше мыңдаған адам Варшавада коммунистік жүйенің әскери тәртібінің құлағанына 30 жыл толғанын атап өтіп, Еуроодақпен интеграцияны одан ары дамытуға наразылық білдірген шеру өткізді.

Шеруді Польшаның ең ірі оппозициялық партиясы "Заң және әділет" партиясының жетекшісі Ярослав Качинский басқарды. Шеру ұлттық әнұранды айтып, 1981 жылғы 13 желтоқсанда Лех Валенсаның "Солидарность" қозғалысын әскери басып-жаныштау кезінде қаза тапқандарды еске алумен басталды. Ұйымдастырушылар шеруге 10 мыңға тарта адам қатысқанын айтады.

Ярослав Качинский үкіметтің соңғы кездердегі қадамдарына, әсіресе елдің сыртқы істер министрі Радек Сикорскийдің Еуропадағы қаржы дағдарысының алдын алу және қаржы жүйесін ретке келтіру шараларын жүргізу ұсыныстарына наразы. Ол бұл қадамдар Польшаның егемендігіне қауіп төндіреді деп санайды.
XS
SM
MD
LG