Accessibility links

БҰҰ: Қырғыз түрмелерінде азаптау бар


БҰҰ азаптау бойынша өкілі Хуан Мендес Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бішкек, 12 желтоқсан 2011 жыл.

БҰҰ азаптау бойынша өкілі Хуан Мендес Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бішкек, 12 желтоқсан 2011 жыл.

БҰҰ-ның азаптау жөніндегі арнайы өкілі Хуан Мендес бүгін Бішкекте Қырғызстан түрмелеріндегі жағдай ауыр, тергеушілер мен түрме қызметкерлері жауап алу кезінде әлі де азаптау тәсілдерін қолданады деп мәлімдеді.

Қырғызстан түрмелеріндегі жағдайға қатысты баяндама жасаған Хуан Мендес тергеушілердің күдіктілерден жауап алу немесе мойындату кезінде пластикалық қаптар қолданатынын айтады. Ол сондай-ақ түрме қызметкерлерінің алғаш күдіктіні алғаш тұтқындағанан соң электрошок, газбен улау немесе қатаң ұрып-соғу арқылы жауап алатынын да жеткізді.

БҰҰ өкілінің мәліметінше, 2011 жылдың алғашқы он айында құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы тұтқындарды азаптағаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалған, оның тек екеуі ғана сотқа дейін жеткен.

Ол сондай-ақ Қырғызстандық танымал адам құқықтарын қорғаушы, 2010 жылғы этникалық қақтығыстарды ұйымдастырды деп айыпталған ұлты өзбек Әзімжан Асқаровтың ісі сотта қайта қаралады деген үмітін білдірді.

Хуан Мендес азаптауға қатысты баяндамасы мен оны азайтуға арналған ұсыныстарын Қырғызстан үкіметіне тапсыратынын жеткізді.
XS
SM
MD
LG