Accessibility links

Египетте парламент сайлауының келесі кезеңі басталды


Каирдегі сайлау учаскесінде кезекте тұрған сайлаушылар. Египет, Каир, 28 қараша 2011 жыл.

Каирдегі сайлау учаскесінде кезекте тұрған сайлаушылар. Египет, Каир, 28 қараша 2011 жыл.

Египетте бүгін парламент сайлауының тағы бір кезеңі басталды. Екі күнге созылатын сайлаудың кезеңінде 18 миллион египеттік дауыс береді.

"Мұсылман бауырлар" тобы бастаған исламшыл партиялар бұл жолы да алғашқы кезеңдегідей көпшілік дауысқа ие болатынына сенімді. Сайлаудың алғашқы кезеңінде исламшылдар бастаған партиялар сайлаушылар даусының үштен екісіне ие болған.

Сайлау алты аптаға созылып, келесі жылдың қаңтар айында аяқталады.
XS
SM
MD
LG