Accessibility links

Парламент "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заң қабылдады


Парламент сенатының ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Парламент сенатының ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстан сенаты бүгін «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын қабылдады деп хабарлайды «Интерфакс Қазақстан» агенттігі.

Бүгін пленарлық отырысында сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті "Заң жобасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетіктерін жасауға бағытталғанын" атап өтті.

Заң жобасы сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өкілетін, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық негізін анықтайтынын жазады агенттік.

Заң жобасы енді президенттің қол қоюына жіберілмек.
XS
SM
MD
LG