Accessibility links

Сенатор: "Желтоқсан оқиғасының мәртебесін анықтау керек"


Сенатор Мұрат Мұхаммедов бүгін үкіметтен желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саяси-құқықтық мәртебесін анықтайтын заң жобасын дайындауды сұрады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

«Бүгін желтоқсан оқиғасына 25 жыл толады. Бірақ осы күнге дейін желтоқсан оқиғасы мен оған белсенді түрде қатысқандардың саяси-құқықтық мәртебесі әлі анықталған жоқ. Сондықтан желтоқсаншылардың мәртебесін анықтайтын заң қабылдау қажет деп ойлаймын» деді премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған Мұрат Мұхаммедов.

ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, Мұрат Мұхаммедов үкімет құрамына депутаттар, ішкі істер министрлігі, ҰҚК, бас прокуратура, әділет министрлігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін комиссия құруы керек деп санайды.

1991 жылы 12 желтоқсанда президент желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтайтын жарлық шығарған.
XS
SM
MD
LG