Accessibility links

АҚШ: Ресейде "ұлттық ояну" басталды


АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдегі сайлау қорытындыларына наразылық шерулері ресейліктер арасында биліктің өздерімен санасуын қалайтын «ұлттық ояну» процесінің пайда болғанын білдіреді деді.

АҚШ сенатындағы Ресейдегі заң билігі мен коррупцияға арналған тыңдауларда сенатор Жан Шахин Кремль басшылығы СССР-дың құлағанына 20 жыл толғанын «жете ойластырылған саяси тетіктерді қолдану арқылы бұрмаланған сайлаумен» қарсы алды деді. Сенатор мұның нәтижесі келесі жылы қазіргі премьер-министр Владимир Путин мен президент Дмитрий Медведевтің орнын ауыстыруымен аяқталады деп болжайды.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысының демократия және адам құқықтары жөніндегі кеңесшісінің көмекшісі Томас Мелиа соңғы шерулерге сілтей отырып : «Ресейдің болашағы қалай бағыт алатыны белгісіз болса да, жаңа «сахналық қойылым» басталды» дейді.
XS
SM
MD
LG