Accessibility links

HRW: Сирия демонстранттарға қару қолданады


Камышлы қаласындағы үкіметке қарсы шерулер. Сирия, Камышлы, 14 желтоқсан 2011 жыл.

Камышлы қаласындағы үкіметке қарсы шерулер. Сирия, Камышлы, 14 желтоқсан 2011 жыл.

Human Rights Watch («Хьюман Райтс Вотч») ұйымы Сирия армиясының командирі президент Башар әл-Асадтың режиміне наразылық танытушыларды басуда «кез-келген шараны қолдануға, қажет болса қару қолдануға" бұйрық бергенін мәлімдеді.

Ұйым бүгін жариялаған баяндамасында әскери командирлер мен барлау қызметінің офицерлері қауіпсіздік күштеріне демонстранттарды «ұрып соғуға және азаптауға» рұқсат еткенін айтады. Баяндама Сирияның қауіпсіздік және барлау мекемелерінен қашып кеткендердің мәліметі бойынша жасалған. Башар әл-Асадтың өзі демонстранттарды басып-жаныштауға бұйрық бергенін жоққа шығарды.

Бүгін Human Rights Watch ұйымының Сириядағы өкілдігі Дараа провинциясында армиядан қашқандармен болған қақтығыста қауіпсіздік күштері мен әскерилерден 27 адам қаза тапқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG