Accessibility links

Тәжікстан Қырғызстанға екі күдіктіні экстрадициялады


Құрманбек Бакиев тұсында Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы болған Медет Садырқұлов.

Құрманбек Бакиев тұсында Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы болған Медет Садырқұлов.

Тәжік билігі Қырғызстанның жоғары шенді шенеунігін өлтіруге қатысы бар деген күдіктілер Қадырбек Досонов пен Сыдық Борбуевтың Бішкекке тапсырылғанын хабарлады.

Бұл екеуі Қырғызстанның тағы бір азаматы Чынғыз Жұмағұловпен бірге Қырғыз президенті әкімшілігінің бұрынғы бастығы Медет Садырқұловтың өліміне (2009 жылы) қатысы бар деп іздеуде жүрген.

Құрманбек Бакиевтің тұсында бірнеше жыл президент әкімшілігін басқарған Садырқұловтың денесі 2009 жылдың наурызында екі серігімен бірге өртеніп кеткен көліктің ішінен табылған. Мұның алдында ол Бакиев әкімшілігін тастап, оппозицияға кеткен болатын. Сол кезде билік оның өлімі көлік апатынан болды деп, істі жапты.

2010 жылы сәуірде Бакиев биліктен кеткен соң Садырқұловтың өліміне қатысты тергеу қайта жүргізіліп, оны "қастандықпен өлтірді" деп ұйғарған.

Биыл 14 қыркүйекте Қырғызстан ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев елде Садырқұловтың өліміне қатысты 17 күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Сол айда Тәжікстан ішкі істер министрлігі осы өлімге қатысты үш күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді. Үшінші күдіктінің Қырғызстанға қашан тапсырылатыны белгісіз.
XS
SM
MD
LG