Accessibility links

Қазақстанда сайлауалды науқаны басталды


Бүгін қазақстандық саяси партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихаттарын бастады.

Елде қаңтардың 15-інде кезектен тыс парламенттік сайлаулар өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы сегіз партияның, атап айтқанда - "Нұр Отан", "Ақ жол", "ЖСДП", "Ауыл", "Әділет", "Патриоттар партиясы", "Руханият" және Қазақстан коммунистік халықтық партиясының тізімдерін тіркеді.

Сайлау комиссиясының мәліметінше, парламенттің төменгі палатасы мәжіліс сайлауына 386 үміткер тіркелген.

Сайлау туралы заңға сай, мәжілістің депутаттық корпусы 107 адамнан құралған. 98 депутат партиялардың тізімі бойынша сайланады, ал қалған 9 депутатты Қазақстан халықтары ассамблеясы ұсынады.
XS
SM
MD
LG