Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде 10 адам қаза болды


Қазақстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, Жаңаөзенде полиция мен жұмыстан босатылған мұнайшылардың арасында болған қақтығыстар барысында 10 адам қаза тапқан.

Бұл туралы бүгін Астанада бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер барысында қалалық әкімшілік ғимараты, қонақ үй және "Өзенмұнайгаз" компаниясының ғимараты өртелген.

Асхат Дауылбаевтың мәлімдемесіне қарағанда, президент Назарбаевтың тапсырмасымен ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов басқарған жедел тергеу тобы құрылып, Жаңаөзенге ұшып кеткен.

Жаңаөзенде жарты жылдан астам уақыттан бері мұнайшылардың ереуілі жалғасып жатқан болатын.

Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG