Accessibility links

БҰҰ өкілі Жаңаөзендегі қақтығысқа алаңдап отыр


Жаңаөзендік ереуілшілер орталық алаңда. 16 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзендік ереуілшілер орталық алаңда. 16 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нэви Пиллайдың өкілі Руперт Колвилл кем дегенде 10 адам қаза тапқан Жаңаөзендегі оқиғаға қатты алаңдайтынын айтты.

- Біз қазақ билігін бұл жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру кезінде құқық қорғау орындарының шектен тыс күш қолданбауын қадағалауға шақырамыз, - деді Колвилл Reuters ("Рейтерс") агенттігіне.

Қазақстанның бас прокуратурасы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында "жаппай тәртіпсіздік болып, кемінде 10 адам қаза тапты" деп хабарлаған. Бас прокурор Асхат Дауылбаев "бұзақылар тобы бейбіт тұрғындарға шабуылдап, көліктерді қиратты" деген еді.
XS
SM
MD
LG