Accessibility links

HRW қазақ билігін «артық күш қолданбауға» шақырды


Қала алаңындағы полицейлер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Қала алаңындағы полицейлер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Уотч") халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанның құқық органдарын Маңыстау облысы Жаңаөзен қаласында тәртіпті қалпына келтіру кезінде адам құқығын сақтауға шақырды.

"Полиция тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық уақытында да, тәртіпті қалпына келтіру барысында да артық күш қолданбауы керек" деді халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша ғылыми қызметкері Михра Риттман.

Ол әзірге қандай да бір қорытынды жасауға ерте екенін айтып, "Қазақстан билігі күш қолданған кезде халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзбауы керек" деді.

Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін Жаңаөзендегі болған оқиғаларды мұқият және әділ зерттеп-тергеуге, ал зорлық-зомбылыққа кінәлілерді сот ісін жүргізудің халықаралық нормаларына сай жауапқа тартуға шақырды.

Қазақстанның бас прокуратурасы желтоқсанның 16-сы күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында "жаппай тәртіпсіздік болып, кемінде 10 адам қаза тапты" деп хабарлаған. Бас прокурор Асхат Дауылбаев "бұзақылар тобы бейбіт тұрғындарға шабуылдап, көліктерді қиратты" деген еді.
XS
SM
MD
LG