Accessibility links

Таңертеңгі «Алматы-Ақтау» рейсі ұшпай қалды


17 желтоқсан, сенбі күні «Эйр Астана» авиакомпаниясының таңғы сағат 7-де Алматыдан Маңғыстау облысының орталығы Ақтауға баратын ұшағы ұшпай қалды деп хабарлады Азаттық радиосының тілшісі.

Алматы әуежайының анықтама қызметі мұның себебін білмейтінін айтты. Ал «Эйр Астана» авиакомпаниясы «ұшақтың ұшпау себебі бізге байланысты емес» дейді.

Әуежай қызметкерлері Алматы-Ақтау бағыты бойынша бүгін ұшатын басқа рейстердің кейінге қалдырылмағанын айтты.

Ішкі істер министрінің айтуынша, Жаңаөзендегі оқиғада 10 адам қаза болып, 75 кісі ауруханаған түскен, 70 адам тұтқындалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG