Accessibility links

Оппозиция өкілдері "Жаңаөзен комиссиясына" кіргізуді талап етті


Азаматтық қоғам мен оппозиция өкілдері Зәуреш Батталова, Серікбай Әлібаев, Владимир Макалкин бүгін ішкі істер министрлігіне барып, Жаңаөзендегі адам өліміне болғанына байланысты түсініктеме талап етті.

Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесу жабық есік жағдайында өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы Игорь Лепеха түсініктеме берді. Ол Жаңаөзендегі жағдайды тексеретін үкіметтік комиссия бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің басшылығымен құрылғанын хабарлады. Комиссия Жаңаөзенге ертең ұшып шығады.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Игорь Лепеха оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап бере келіп, "полиция қорғануға мәжбүр болғандықтан қару қолданды" деді.

Зәуреш Батталова, Серікбай Әлібаев пен Владимир Макалкин мемлекеттік комиссияға оппозиция өкілдерін де кіргізуді талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG