Accessibility links

Жаңаөзенде төтенше жағдай тәртібі жарияланды


Бүгін Астанадағы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Жаңаөзендегі жайттар талқыланды деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзенде 2011 жылғы 17 желтоқсаннан бастап 2012 жылғы қаңтар айының 5-іне дейін кешкі сағат 18.00 бен таңғы сағат 7.00 аралығында төтенше жағдай тәртібін енгізу туралы шешім қабылдады.

Төтенше жағдай уақытында түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат жұмыс істейді. Жаңаөзенде комендатура құрылып, оған Қазақстанның «Төтенше жағдай туралы» заңының аясында жұмыс істеу құзыры берілді. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Қабылов Жаңаөзен қаласының коменданты болып тағайындалды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG