Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзенде 11 адам қаза тапты


Бүгін Қазақстан бас прокуратурасы «Жаңаөзенде болған жаппай тәртіпсіздіктерде 11 адам қаза болды, 86 кісі зардап шекті, 70 адам тұтқындалды» деп хабарлады.

«Қазір жаппай басбұзарлық пен қарақшылыққа қатысқан 70 адам ұсталды. Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған белсенділердің аты-жөндері анықталды, оларды ұстаудың шаралары қарастырылып жатыр» деді сенбі күні Астанадағы баспасөз мәслихатында бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оның айтуынша, Жаңаөзендегі оқиғаларда белсенділік танытқандар - жастар.

«Тәртіпсіздіктер бұзақы жастардың алаңда тәуелсіздік мерекесіне арналған шараларды өткізуге кедергі келтірген әрекеттерінен бастау алып, олардың қимылы жұмыстан шығып қалған мұнайшыларға да әсер етті» деді бас прокуратураның ресми өкілі.
XS
SM
MD
LG