Accessibility links

Бас прокуратура Жаңаөзеннің байланыссыз қалу себебін айтты


Жаңаөзенде телефондардың үзіліп қалуы 16 желтоқсан күнгі жаппай тәртіпсіздіктер барысында байланыс кабельдеріне нұқсан келгеннен болды деп мәлімдеді бүгін Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

«Телефон және интернет байланысында қиындық болды. Мұны жауапты мекемелер тәртіпсіздіктер барысында кабельдердің істен шығуымен байланыстырады» деді ол.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, сонымен қатар кейбір жағдайларда телефон байланысы жүйесіне күш көп түскендіктен, байланыс болмай қалған.

Желтоқсанның 16-сында Жаңаөзенде болған оқиғадан 11 адам қаза тапты, 86 кісі зардап шекті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG