Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Полиция Жаңаөзенде заң бұзған жоқ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.

Бүгін Астанадағы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «полиция Жаңаөзенде қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру барысында заң шегінен шыққан жоқ, өздеріне берілген өкілеттік аясында қимыл-әрекет етті» деп мәлімдеді.

«Тәуелсіздік тойын мерекелеу үшін орталық алаңға келген бейбіт азаматтар бұзақылардан құралған топтың шабуылына ұшырады.Қоғамдық тәртіпті бұзған бұзақылар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, мерекеге тігілген киіз үйді қиратып, полицияның автобусын өртеді. Басбұзар топ заңсыз әрекетті тоқтатуға шақырған құқық қорғау органдарының ескертулерін тыңдамай, қаруларын тартып алу мақсатында тәртіп сақшыларына шабуыл жасады.Полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін қалтқысыз орындады және заң бойынша өз өкілеттіктері аясында әрекет жасады» деді президент Назарбаев.

Қазақстан президенті «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларды тауып, жауапқа тарту үшін арнайы комиссия құрылғанын» айтты.

«Осы орайда мұнайшылардың еңбек дауын өздерінің қылмыстық ниеттері үшін жағдайды пайдаланып қалғысы келген бұзақылардың әрекетімен шатастыруға болмайды. Біз бұл іспен кімнің айналысқанын, қайдан қаржыландырылғанын анықтаймыз» деді президент Назарбаев.

Ол қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың отбасыларына тиісті қолдау, көмек көрсетілетінін айтты.
XS
SM
MD
LG