Accessibility links

Еуропа одағы мен ЕКЫҰ Жаңаөзендегі жағдайға алаңдайды



Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон 16 желтоқсанда 11 адамның өліміне себепкер болған Жаңаөзендегі оқиғаларға алаңдаушылық танытты.

Кэтрин Эштон Қазақстан билігі бұл оқиғаларды дереу тергеп-тексеріп, ереуілдегі жұмысшылардың мәселесі әлеуметтік диалог жолымен шешіледі деп үміттенеді.

Бұл турасында Брюсселден Кэтрин Эштонның баспасөз-қызметі хабарлады.

Осы күні ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Литва сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалис Жаңаөзендегі қақтығысқа қатысты алаңдаушылық танытып, байсалдылыққа шақырды.

16 желтоқсанда Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік барысында 11 адам опат болды. Қарапайым тұрғындар мен полиция бар барлығы 80-нен астам адам жарақаттармен ауруханаға түсті.

Қазақстан президенті Назарбаев Жаңаөзендегі бүлікті басу кезінде полиция заң шеңберінде әрекет етті деп мәлімдеп, қалада төтенше жағдай тәртібін енгізу туралы жарлық шығарды.
XS
SM
MD
LG