Accessibility links

Ақтауда орталық алаңда тұрғындар жиналып тұр


Маңғыстау облысы әкімдігінің алды. Ақтау қаласы 2 маусым 2011 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің алды. Ақтау қаласы 2 маусым 2011 ж.

Бүгін Ақтау қаласында, Маңғыстау облысының әкімдік ғимараты алдындағы "Ынтымақ" алаңына ондаған қала тұрғындары тағы жиналды деп хабарлайды сол жерден Азаттық тілшісі.

Әзірге олар ешқандай белсенді қимыл танытпай өзара шағын топтарға жиналып тұр. Осы жерде оларды ондаған полицияның арнайы жасағы да сырттай бақылап отыр.

Желтоқсанның 17-сі күні Ақтауда жаппай наразылық акциясы өтіп, жүздеген адам ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Сенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібін енгізу туралы жарлық шығарған еді.

Ресми ақпарат бойынша, 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік барысында 11 адам опат болып, қарапайым тұрғындар мен полиция өкілдері бар - барлығы 80-нен астам адам жарақаттармен ауруханаға түскен.
XS
SM
MD
LG