Accessibility links

Ақтаудағы алаңға қосымша полиция күші жеткізілді


Резеңке тоқпақ ұстаған полиция, жасағы. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж. (Көррнекі сурет)

Резеңке тоқпақ ұстаған полиция, жасағы. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж. (Көррнекі сурет)

Ақтаудың орталығындағы Маңғыстау облыс әкімшілігі алдындағы "Ынтымақ" алаңы маңына жиналған тұрғандар саны жүздеген адамға жетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Осыдан біраз уақыт бұрын ол жерге қосымша бірнеше автобуспен полицияның арнайы күштері жеткізілген. Егер бұған дейін алаңдағыларды сырттай бақылап тұрған полиция қызметкерлерінде арнайы киім, каска және резеңке тоқпақ бар болса, кейінгілері қолдарына қалқан ұстап, автоматтар асынып келген.

Әзірге алаңдағы жұрт та, полиция да ешқандай белсенді қимыл танытпай өзара сырттай бақылап тұр. Аллаңдағы жұртқа билік өкілдерінен де ешкім келген жоқ.

Желтоқсанның 17-сі күні Ақтауда наразылық акциясы өтіп, ондаған адам ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Сенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібін енгізу туралы жарлық шығарған еді.

Ресми ақпарат бойынша, 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік барысында 11 адам опат болып, қарапайым тұрғындар мен полиция өкілдері бар - барлығы 80-нен астам адам жарақаттармен ауруханаға түскен.
XS
SM
MD
LG