Accessibility links

Ақтаудағы облыстық ауруханада оқтан жараланған 37 адам жатыр


Ақтау қаласының көрінісі.

Ақтау қаласының көрінісі.

Желтоқсанның 16-сынан бер Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ тиіп жараланған 38 адам жеткізілген, олардың бірі жарақат салдарынан қайтыс болған.

Бұндай ақпаратты Азаттық тілшісіне бүгін Маңғыстау облыстық ауруханаcы бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Мұқанов берді. Бірақ ол қаза болған адамға байланысты қосымша дерек беруден бас тартты.

Мұқановтың айтуынша, ауруханаға түскен 38-дің үшеуі - Шетпе станциясынан, ал қалғандары Жаңаөзеннен жеткізілген.

Ресми ақпарат бойынша, Жаңаөзендегі оқиғаларда 80-нен астам адам, ал Шетпеде 12 адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG