Accessibility links

Кеншілер мен металлургтар мұнайшыларды байсалдылыққа шақырды


Қазақстан металлургтары мен шахтерлері Жаңаөзен мұнайшыларын «арандатуға бой алдырмай,барлық мәселені келіссөз арқылы шешуге» шақырды

Бүгін бұл жөнінде Қарағанды облысындағы «АрселорМиталл Теміртау» металлаургиялық кәсіпорны жұмысшыларының баспасөзде таратылған мәлімдемесінде айтылған.

16 желтоқсан күні Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысқан жұмыстан шығарылған ереуілдегі мұнай-газ компанияларының жұмысшылары Қазақстандағы тыныштықты бұзғысы келетін деструктивті күштердің құралына айналды деп жазылған мәлімдемеде.

«Тәртіпсіздіктер барша халық ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлап жатқан күні болды. Барлық отандастар үшін қасиетті мерекеге көлеңке түсіргендер табылғаны өкінішті. Бізді бірқатар партиялар мен саяси ұйымдар мен кейбір БАҚ-тардың бұл оқиғаларды «еңбеккерлердің күресі» деп атап, қалай да қылмыстық әрекеттерді ақтауға тырысқан мәлімдемелері мен хабарлары қынжылтады»,- деп атап көрсетілген шахтерлер мен металлургтардың үндеуінде.

Қазақстанның батысындағы 16-17 желтоқсандағы оқиғалар барысында 12 адам опат болып, бірнеше ондаған кісі түрлі жарақат алды.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG