Accessibility links

Маңғыстау - Ақтөбе пойызының Шетпеде бөгелгені хабарланды


Бүгін Маңғыстау - Ақтөбе пойызының Шетпе станциясында тұрып қалғанын хабарлады Азаттық тілшісі.

Ақтөбедегі темір жол вокзалының анықтама бюросынан пойыздың 22 сағатқа кешігетіні, жағдайдың әлі де өзгеруі мүмкін екендігі айтылған. Бұған қоса Ақтаудан Астана мен Алматыға қатынайтын пойыздың да кешігетіні хабарланған.

Желтоқсанның 17-сі күні Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе станциясында да жолды жауып тастаған қарапайым халық пен арнайы жасақ арасында қақтығыс болды. Салдарынан 1 адамның оқ тиіп қаза тауып, оннан астам адамның жараланғаны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG