Accessibility links

Жетібай кентіндегі мұнайшылар жұмысқа шықпағанын айтты


Бүгін Жетібай кентіндегі мұнайшылардың жұмысқа шықпай қалғаны хабарланды. Бұл турасында Азаттыққа мұнайшы Есбол есімді азамат айтты.

Ол мұнайшылардың кеше де жұмысқа шықпағанынан хабардар етті.

Оның айтуынша, бүгін кент орталығындағы алаңға мыңдаған адам жиналған, ал алаңға жақын мектеп ауласына 2 автобус әскер енгізілген."Алаңда жиналғандарға әкімдіктен келіп, Жаңаөзен оқиғасына арандатушылар кіріп кеткенін айтты да қазір олар сырттан бақылап тұр,-" дейді Есбол. Мұнайшының айтқанына қарағанда, алаңда жұмыссыздар ғана емес, Ақтаудан келіп вахталық тәсілмен жұмыс істейтін мұнайшылар және ауыл халқы да жиналған.

Желтоқсанның 17-сі күні "ҚазМұнайГаз" компаниясы кейбір мұнайшылардың жұмысқа шықпай қалғанын хабарлаған еді. Бүгінгі жағдай турасында Азаттық тілшісі компаниямен телефон арқылы тілдескенде, ешкім жауап бермеді.
XS
SM
MD
LG