Accessibility links

Азаттық тілшісін Доссор станциясында поездан түсіріп тастаған


Атырау- Ақтау бағытындағы поезбен Шетпе станциясына бара жатқан Азаттықтың журналисін тексерушілер "билетің жоқ" деп Доссор станциясынан поездан түсіріп алып қалған.

Атырау облысындағы Доссор станциясындағы темір жол кассалары әрі қарай билет сатпай жатыр деп хабарлады тілшіміз осы арадан.


Желтоқсанның 17-сі күні кешкі сағат 8-дерде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе станциясында да қарапайым халық пен арнайы жасақ қақтығысып, бір адам қаза тапты. Жарақат алғандар да бар.
XS
SM
MD
LG