Accessibility links

Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел қайтыс болды


Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел. Прага, 5 қазан, 2011 жыл.

Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел. Прага, 5 қазан, 2011 жыл.

18 делтоқсан күні 75 жасында Чехия республикасының бірінші президенті Вацлав Гавелдің Прага қаласында дүниеден өткендігі туралыЧехияның мерзімдік басылымдары хабарлады.

Вацлав Гавел өткен ғасырдың 60-шы жылдары драматург, әдебиет сыншысы ретінде кеңінен танылды.

1968 жылғы Прага көктеміндегі оқиғалардан кейін ол оппозицияға қосылып, шығармалары негізінен шетелдерде басылды, бірнеше рет тұтқындалды.

1989 жылы Вацлав Гавел Чехияда басты оппозициялық күшке айналған «Азаматтық форумды» құру бастамашыларының бірі болды.

1989 жылдың 29 желтоқсынында Чехословакия социалистік республикасы Федералдық жиналысы қос палатасының біріккен отырысында Вацлав Гавел бірауыздан президент болып сайланды, ал 1993 жылы тәуелсіз Чехияның тұңғыш президенті атанды.
XS
SM
MD
LG