Accessibility links

Полицейлер Шетпеде блогер Мұрат Тұңғышбаевты соққыға жықты


Бүгін Ақтаудан Шетпе станциясына жеткен журналистер тобына ОМОН күштері қысым жасап, блогер Мұрат Тұңғышбаев соққыға жығылды, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қазір ОМОН күштері оның жеке бас куәлігін тартып алып, қайтармай жатыр. Қауіпсіздік күштері блоггерді жерге жығып, басына қару тіреген. Бірақ басқа журналистердің арласуымен оны босатқан. Блоггерді соққыға жығу себебі айтылмаған.

Полицейлер Азаттық тілшісін де "бастықпен әңгіме үшін" автобустың ішіне шақырып ұстамақ болған. Алайда Азаттық тілшісі "бастықтың" өзіне журналист куәлігін көрсеткен соң, оны полицейлер автобусына отырғызу мәселесі жайына қалған. Капитан шеніндегі "бастық" өзін Шетпедегі учаскелік инспектор ретінде таныстырған.

Шетпеде жүрген журналистер тобында республиқалық ақпарат құралдарымен қатар халықаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар.

Бүгін түнде Алматыдан Ақтауға жеткен журналистер таңертең Жаңаөзенге бармақ болған еді. Алайда олар түрлі кедергілерден кейін ғана жолға шықты.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG