Accessibility links

Өмірзақ Шүкеев Ақтаудағы алаңда тұрғандармен кездесті


Желтоқсанның 18-інде Ақтауға Жаңаөзенде болған оқиғаларды тергеп-тексеру үшін бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік комиссия барды деп хабарлайды "Время" басылымының сайты.

Өмірзақ Шүкеев әуелі Ақтаудан Жаңаөзенге ұшып барған, кешке қарай Ақтауға қайтып келіп, "Ынтымақ" алаңында тұрған адамдармен кездескен. Жиналғандар Өмірзақ Шүкеевті айнала қоршап алғандықтан әңгіме не туралы болғанын өрбігенін алаңның шетінде қалған журналистер ести алмады деп жазады "Время" газеті.

Кейін белгілі болғандай, жиналғандар үкіметтік комиссия басшысына Жаңаөзендегі жұмыстан шығарылған, 7 айдан бергі ереуілдеп тұрған мұнайшыларды қайта жұмысқа қабылдау, жалақыны көтеріп, еңбекақы коэффициентін енгізу талаптарын айтқан.

Өмірзақ Шүкеев ол талаптарды тыңдаған соң "мәселені толық шешуге және қалыптасқан жағдайды реттеу үшін Маңғыстау облысына апта сайын келіп тұруға" сөз берген.

Үкіметтік комиссия жетекшісімен осы әңгімеден кейін алаңда тұрғандар тарады, тек шыршаны қарауылдаған полиция жасақтары ғана қалды деп хабарлайды басылым.
XS
SM
MD
LG