Accessibility links

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ир қайтыс болды


Cолтүстік Корея президенті Ким Чин Ир әскери парадта тұр. Пхеньян. 9 қыркүйек 2011 жыл.
Cолтүстік Корея президенті Ким Чин Ир әскери парадта тұр. Пхеньян. 9 қыркүйек 2011 жыл.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ир қайтыс болды, деп хабарлады желтоқсанның 19-ында осы елдің мемлекеттік телеарнасы.

Хабарларға қарағанда, Ким Чен Ир желтоқсанның 17-сі күні жүрек талмасынан қайтыс болған.

"2008 жылы инсультке шалдықты" деген Ким Чен Ирдің таяуда Қытай мен Ресейге жасаған сапарынан кейін сарапшылар оның денсаулығы оңалды деген еді. "Ким Чен Ир жүрек дерті мен диабетке шалдыққан" деген мәліметтер де айтылатын.

Ким Чен Ир Пхеньянда желтоқсанның 28-і күні күні жерленеді.

Елде билікті қайтыс болған президенттің 30-ға толмаған ұлы Ким Джонг Унға тапсыру процесі басталды.
XS
SM
MD
LG