Accessibility links

Жаңаөзен оқушылары мерзімінен бұрын каникулға шықты


Орталық алаңдағы оқиға. Жаңаөзен. 16 желтоқсан 2011 жыл.
Орталық алаңдағы оқиға. Жаңаөзен. 16 желтоқсан 2011 жыл.
"Жаңаөзен оқушылары желтоқсанның 19-ынан бастап мерзімінен бұрын каникулға шықты" деп хабарлады ақпарат агенттіктері Маңғыстау облыстық білім басқармасының бастығы Динара Жұмашеваға сілтеме жасап.

Бұл шара Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялануына байланысты екендігі айтылған.

График бойынша, оқушылардың қысқы каникулы желтоқсанның 28-інде басталуы керек болатын.

Желтоқсанның 16-сы күні осы қаладағы оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 17-сінде қалада төтенше жағдай жариялап, қаңтардың 5-іне дейін коменданттық сағат тәртібін енгізді.
XS
SM
MD
LG