Accessibility links

"Азат" ЖСДП Маңғыстауда қару қолданылғанын айыптады


"Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай оппозициялық екі партияның бірігу съезінде. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

"Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай оппозициялық екі партияның бірігу съезінде. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Маңғыстау облысында қару қолданылғанын айыптады. Бұл туралы бүгін "Азат" ЖСДП Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған жеделхатында мәлімдеді.

"Біз Жаңаөзенде, Шетпеде және Батыстағы басқа жерлерде бейбіт халыққа қарсы қару қолданып, қантөгіске жол берген жауыздықты айыптаймыз. Ондай әрекеттерді дереу тоқтатуды талап етеміз" делінген жеделхатта.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG