Accessibility links

Ақтауда мыңдаған адам наразылық танытып тұр


Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңында тұрған арнайы жасақ. 18 желтоқсан 2011 жыл.

Ақтаудағы "Ынтымақ" алаңында тұрған арнайы жасақ. 18 желтоқсан 2011 жыл.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының орталығындағы "Ынтымақ" алаңында бүгін екі мыңға жуық адам наразылық шарасын өткізіп, биліктен Жаңаөзен қаласынан әскери күштерді шығаруды талап етті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сонымен қатар наразылық танытушылар қалада енгізілген коменданттық сағат тәртібін алып тастауды талап еткен. Тілшіміздің хабарлауынша, олар "билік орындары Жаңаөзенде тәртіпті қалпына келтіру үшін қару қолданбауы тиіс еді" деген.

Ақтауда алаңға жиналғандардың арасында бұрынғы мұнайшылар бар, олардың жанында арнайы жасақ тұр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG