Accessibility links

Ұлыбритания өз азаматтарын Маңғыстауға бармауға шақырды


Маңғыcтаудағы оқиғаларға байланысты Ұлыбритания өз азаматтарына "Қазақстанның батысына бармаңдар" деген кеңес берді.

"Жалпы рекомендациялар өзгерді. Енді біз Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылына бармаңдар деп кеңес береміз", - делінген дүйсенбі күні Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің вебсайтында жарияланған хабарламада.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG