Accessibility links

Бас мүфти қазақстандықтарды сабырға шақырды


Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады деп хабарлайды бірқатар ақпарат агенттіктері.

"Мен дұға оқып, барлық қазақстандықтарды, әсіресе маңғыстаулықтарды, сабырлы болуға және тәртіп сақтауға шақырамын, өйткені қазақ халқы - дана және шыдамды халық қой", - делінген бас мүфтидің мәлімдемесінде.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG