Accessibility links

АҚШ Жаңаөзенде байланысты қалпына келтіруді талап етті


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

"АҚШ Қазақстанның батысында болған зорлық-зомбылықтарға қатты алаңдайды" деп мәлімдедіАҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуланд.

"Біз құрбан болғандарға қайғырып көңіл айтамыз, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруде барлық тарапты ұстамды болуға шақырамыз. Наразылық оқиғалары кезінде кейбір байланыс түрлерінің үзіліп қалғанына алаңдаймыз және Қазақстан билігінен бұл мәселені тез арада шешуін талап етеміз" делінген мемлекеттік департамент таратқан мәлімдемеде.

АҚШ үкіметі Қазақстан билігінің "оқиғаның шығу себептерін барынша ашық және жан-жақты тексеру ниетін" құптайтынын білдіреді, қылмысқа жауаптылар халықаралық талаптарға сай жауапқа тартылу керек деп санайды.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG