Accessibility links

Ресейде мұнай платформасы суға батып кетті


Охота теңізіне орналасқан "Кольская" мұнай бұрғылау платформасы.

Охота теңізіне орналасқан "Кольская" мұнай бұрғылау платформасы.

Ресей үкіметі елдің қиыр шығысындағы Сахалин аралында мұнай бұрғылайтын платформаның суға батып кетуінен 16 адам қаза тапты деп хабарлайды.

Бортында 67 мұнайшы бар Кольская платформасы Камчатка түбегінен Охота теңізін бойлап, Сахалин аралына кетіп бара жатқанда дауыл тұрып, платформаны суға батырған. Ресейдің теңіз және өзен транспорты агенттігі 16 мұнайшының қаза тауып, 14 адамның құтқарылғанын айтады.

Ресей ақпарат құралдары қаза тапқан мұнайшылардың отбасыларына 3 миллион рубль (93 мың 640 АҚШ доллары) өтемақы берілетінін жазды.
XS
SM
MD
LG