Accessibility links

Бас прокуратура: Жаңаөзен мен батыс аймақтағы жағдай бірқалыпты


Полиция қызметкері Жаңаөзенде ер адамды тексеріп тұр. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Полиция қызметкері Жаңаөзенде ер адамды тексеріп тұр. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Бас прокуратура Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе ауылындағы, жалпы аймақтағы жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында деп хабарлады бүгін.


"Өткен тәулікте Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында ешқандай қылмыстық әрекет болған жоқ. Желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Жаңаөзен қаласында коменданттық сағат тәртібін бұзған 3 адам ұсталып, ескерту шараларынан кейін үйлеріне қайтарылды" деп жазады бас прокуратураның ресми сайты.

Жаңаөзендегі оқиғадан туындаған әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселелерді шешуге құрылған үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Бас прокуратура "жедел тергеу-іздестіру тобының тәртіпсіздіктер мен тонау әрекеттерін ұйымдастырушылар мен оған белсене қатысқандарды анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатқанын да" айтты.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG