Accessibility links

Түркіменстан президенттігіне үміткерлер пайда бола бастады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың Ашғабад ипподромында ілініп тұрған портреті.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың Ашғабад ипподромында ілініп тұрған портреті.
Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі келесі жылы болатын президент сайлауына үміткерлер ұсыныла бастады деп хабарлады.

Үміткерлер 15 желтоқсанда елдегі жалғыз саяси партия (Түркіменстанның демократиялық партиясы) мен өзге бизнес және қоғамдық ұйымдар президент Құрбанғұлы Бердімұхамедовты алдағы сайлауға үміткер етіп ұсынғаннан кейін пайда бола бастады.

Үміткерлердің аты-жөндері әзірге аталған жоқ. Бірақ президент әкімшілігі оларды "облыстар мен аймақтардың әкімдері, мемлекеттік теңіз және өзен транспорты қызметі бастығының орынбасары" деп сипаттады.

2012 жылы 12 ақпанда өтетін президент сайлауында президент Бердімұхамедов оңай жеңіске жетеді деген болжам бар. Алдағы президент сайлауы 1991 жылдан бергі бірнеше үміткер қатысатын екінші сайлау болайын деп тұр.
XS
SM
MD
LG