Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасы бойынша қоғамдық комиссия құрылды


Жаңаөзендегі президент Назарбаевтың бүлінген суреті. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзендегі президент Назарбаевтың бүлінген суреті. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін Алматыда ұлттық баспасөз клубында Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды тергеу бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Комиссия құрамына жазушылар Ғаббас Қабышев пен Софы Сматаев, "Азат" ЖСДП өкілдері Әміржан Қосанов пен Болат Әбілов, тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов, Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, экономист Мұхтар Тайжан бар. Баспасөз конференциясын өткізген ұйымдастырушылар комиссия мүшелері ертең таңертең Ақтауға ұшып кететіндерін айтты.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG