Accessibility links

Мәсімов: жаңаөзендік мұнайшылар жұмысқа алынады


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмысынан айырылған жаңаөзендік мұнайшыларды жұмысқа алу мәселесін шешуге уәде берді деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан агенттігі.

Кәрім Мәсімов бүгін үкіметтің селекторлық отырысында Жаңаөзен оқиғасы бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке жұмыссыз қалған мұнайшылардың тізімін дайындауды тапсырды. Ол сондай-ақ ертеңге дейін мұнайшыларды жұмысқа алуға қажетті барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

"Мемлекеттік компанияларға алынатын мұнайшылардың мәселесі бірден шешіледі. Ал жекеменшік компаниялардың жұмыскерлерін жұмысқа тұрғызу мәселесін ерікті және мәжбүрлі түрде шешеміз" деді премьер.

Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі оқиғадан 14 адам қаза тауып, ондаған адам оқ тиіп жараланған соң қалада төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат тәртібі қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG