Accessibility links

ІІМ: Жаңаөзенде кеше 19 адам ұсталды


жаңаөзенде полиция қызметкері ер адамды тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

жаңаөзенде полиция қызметкері ер адамды тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзенде 19 желтоқсанда наразылық акциясына шақырып жүрген 19 адам ұсталды деп хабарлайды ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеген ҚазТАГ агенттігі.

«Кеше жұмысқа шығуға тиіс адамдарды қорқытып, жаңа ереуіл өткізуге шақырған көлікпен жүрген 19 адам ұсталды, ендігі жауапқа тартылып жатыр» деді Қасымов бүгін үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Ал бүгін таңертең бас прокуратура өзінің ресми сайтында басқалай мәлімет келтірген. Бас прокуратура: «Кеше (19 желтоқсан) Жаңаөзен қаласында бірде-бір қылмыстық оқиға тіркелген жоқ. Тек түнге қарай (19-ынан 20-ына қараған түні) коменданттық тәртіп ережесін бұған 3 адам ұсталып, ескерту шараларынан кейін үйлеріне қайтарылды» деп хабарлаған болатын.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG